Арнайы әлеуметтік төлем: қазақстандықтар жас бойынша жеңілдікке ие бола алады ма
© Сурет: freepik
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында "елімізде зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге арнайы төлемдерді тағайындауда жас шегін төмендету жоспары бар ма" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер министрден зиянды және ауыр өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлемдер ала алатынын, алда осы жас шегін төмендету жоспарда бар-жоғын сұрады.
"Мұндай бастамаларды Еңбек министрлігі қарастырмайды. Жоспарламайды да, қарастырылмайды, күн тәртібіне мұндай мәселе қойылмаған. Бұл норма бір жыл бұрын заңмен қабылданған, қазір оны қайта қарастырудың мағынасы жоқ", - деді Асқарбек Ертаев.
Алайда, ол тиісті кәсіптер тізімін кеңейту мүмкіндігін жоққа шығармады.
"Тізімде 16 сала бойынша 2800 түрлі мамандық қарастырылған. Егер қандай да бір салалық мемлекеттік орган осындай ұсыныс енгізсе, бұл кәсіпте қауіпті еңбек жағдайлары кездесетіні ғылыми тұрғыда расталса, онда тізімге ол енгізілетін болады", деп сөзін түйіндеді Еңбек министрі.
Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі еліміздегі жұмыссыздық бойынша тағайындалатын жәрдемақыны төлеу мерзімін қысқарту жоспарына қатысты түсініктеме берген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:48, 2 маусым 2026
Петропавлда жыл басынан бері қорлық көрген 38 әйел полицияның сенім телефонына жүгінген
-
19:35, 2 маусым 2026
«Алматыда қатты жел тұрады». Төтеншеліктер қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті
-
19:19, 2 маусым 2026
Елімізде шамамен 6,5 млн адамның қатысуымен 1,5 мың экологиялық іс-шара өткізілді - Ерлан Қарин
-
19:07, 2 маусым 2026
Семейде қойма өртеніп, қаланы қара түтін басты
-
18:51, 2 маусым 2026
Жамбыл облысында кәсіпкер онлайн дәріске байланысты продюсермен соттасты





