Қарағанды облысында есірткі курьері ұсталып, 287 орама мефедрон тәркіленді
© Сурет: polisia.kz
Балқаш қаласының полиция қызметкерлері жедел ақпарат негізінде жүргізілген іс-шара барысында есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Күдікті ретінде Теміртау қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ мәліметіне сүйенсек, тексеру кезінде күдіктінің жанынан есірткіге тән иісі бар зат салынған 139 орама табылды. Ал жеке заттарын одан әрі қарау барысында тағы 110 орама анықталды. Сонымен қатар полицейлер жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде жасырын орындардан қосымша 38 орама тәркіленді.
Осылайша заңсыз айналымға шығарылмақ болған жалпы саны 287 орама есірткі заттары қолға түсті.
"Күдіктіден екі телефон да тәркіленді. Олардың ішіндегі хат алмасуларды зерделеу барысында "жетекшісінен" берілген нақты нұсқаулар анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың мефедрон екені расталды. Оның жалпы салмағы 300 грамнан асты",- делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.
Бұған дейін полицейлер Алматы маңындағы есірткі зертханасын жойғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:49, 3 маусым 2026
Тоқаев Қазақстан мен Кипр арасындағы 2028 жылға дейінгі ынтымақтастықтың жаңа жоспарын ұсынды
-
14:49, 3 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
-
14:30, 3 маусым 2026
Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті
-
14:14, 3 маусым 2026
Павлодар облысындағы жер сілкінісі: Астанаға қауіп бар ма
-
13:58, 3 маусым 2026
Жақсылық Омардың ісінен кейін отставкаға кетпек болған ШҚО әкімінің өтініші неліктен қанағаттандырылмады





