11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді
© Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" 2026 жылғы 27 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің болжамынша, сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде солтүстік және орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Елдің солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін.
Республика бойынша тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс өңірлерде жел күшейеді. Ал оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Түнде ауа температурасы -2...-11°С дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін өңірлер:
- - Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстары;
- - Түркістан облысының батысы мен солтүстігі;
- - Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығы.
Өрт қаупі жоғары болатын аумақтар:
- - Маңғыстау облысы;
- - Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, батысы, оңтүстігі мен шығысы;
- - Ақтөбе облысының шығысы;
- - Қызылорда облысының солтүстігі;
- - Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысы;
- - Қостанай облысының оңтүстігі;
- - Жетісу облысының оңтүстігі;
- - Алматы облысының батысы, оңтүстігі мен шығысы;
- - Түркістан облысының батысы, солтүстігі, орталығы және тау бөктеріндегі аудандары.
Төтенше өрт қаупі болжанатын аумақтар:
- - Қызылорда және Атырау облыстары;
- - Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі мен орталығы;
- - Қарағанды облысының батысы;
- - Маңғыстау облысының орталығы;
- - Ұлытау облысының батысы мен орталығы;
- - Жетісу облысының шығысы.
Бұған дейін "Қазгидромет" Алматы, Астана және еліміздің тағы бірнеше қаласының тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ескерту жасаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:09, 26 қазан 2026
Петропавлда полицейлер жанып жатқан үйден ер адамды құтқарып қалды
-
15:54, 26 қазан 2026
Ғалымдар Ғаламның алғашқы екі миллиард жылдағы даму тарихын қайта жаңғыртты
-
15:40, 26 қазан 2026
Түркияда қаңғыбас жануарлар қалмады: иттер мен мысықтар қайда жіберілді?
-
15:28, 26 қазан 2026
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
-
15:13, 26 қазан 2026
«Көшіп кеткенің дұрыс»: Қарағандыда ер адам ағаштарды жұлып тастап, кофехана қызметкеріне қоқан-лоқы көрсетті





