Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды
© Фото: zakon.kz
Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдесі үшін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Цао Лигомен жолықты.
Тартысты өткен айқаста Айдос Сұлтанғали 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Еске салсақ, Айдос Сұлтанғали былтыр Загребте өткен әлем чемпионатында алтын тұғырға көтерілген еді.
Осылайша ұлттық құрама қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Исхар Курбаев (55 келі) үшінші орын алған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:03, 25 қазан 2026
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
-
19:57, 25 қазан 2026
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Гран-при кезеңін оныншы орында аяқтады
-
18:22, 25 қазан 2026
Қазақстандық балуан Исхар Курбаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
17:53, 25 қазан 2026
Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады
-
17:26, 25 қазан 2026
«Аяз, тұман, көктайғақ». Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды





