Психотроптық заттарды заңсыз өндірумен айналысқан қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
© Сурет: YouTube/GenProkRK
Ресейден Қазақстанда психотроптық заттарды заңсыз өндірумен және таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа (ҰҚТ) қатысы бар деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, экстрадицияланған азамат қылмыстық топтың мүшесі бола отырып, Теміртау қаласында аса ірі көлемде есірткі өндірісін ұйымдастырған. Өндірілген психотроптық заттардың аналогтары Қарағанды облысының аумағында таратылған.
"Қылмыстық әрекеттен түскен заңсыз табысты қылмыскерлер түрлі қаржылық операциялар, оның ішінде криптоайырбастау сервистері арқылы 1,8 млрд теңгеден астам сомада заңдастырған. Сонымен қатар 600 млн теңгеден астам қаржыға жылжымайтын мүлік, бизнес нысандары және көлік құралдарын сатып алған. Аталған активтер мемлекет кірісіне айналдыру мақсатында қамауға алынды", – деп хабарлады қадағалау органы.
Сондай-ақ ҰҚТ мүшелерінен шамамен 10 келі мефедрон тәркіленген.
Қазіргі уақытта ҰҚТ-ның жекелеген мүшелеріне қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Ал басқа сыбайластары, соның ішінде күдікті де, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған және халықаралық іздеуге жарияланған.
"Өткен жылдың қазан айында күдікті Ресей аумағында ұсталды. Кейін Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды", – деп толықтырды Бас прокуратурада.
Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.
Осы қылмыстық топтың белсенді мүшелерінің бірі екі ай бұрын Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланған.
14 қыркүйекте аса ірі көлемде бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматының Грузиядан экстрадицияланғаны хабарланған болатын. Ол жалған асыл тұқымды мал рәсімдеп, 238 млн теңгені заңсыз иемденген деген күдікке ілінген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:19, 18 қыркүйек 2026
Алматыда LRT-ның алғашқы рельстері төселе бастады
-
16:58, 18 қыркүйек 2026
Салық есебін тапсыру және салықтарды төлеу мерзімі 21 қыркүйекте аяқталады
-
16:50, 18 қыркүйек 2026
Мектептер мен колледждердегі білім беру стандарттары өзгерді
-
16:44, 18 қыркүйек 2026
Кэшбэк пен банк акцияларынан қалай пайда табуға болады - Қазақстанның ірі банктері бонус жүйелерін өзгертті
-
16:40, 18 қыркүйек 2026
Мал ұрлығы: Жамбыл облысында қожайынын ірі шығынға батырған қойшы ұсталды





