Президент Үкіметке елдегі мұнай өңдеу зауыттарын жедел жаңғыртуды тапсырды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай-газ химиясы және өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін ресурстар қорын толықтыру мәселесіне тоқталды.
"Мұнай-газ химиясы және басқа да негізгі салалардағы өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін ресурстар қорын толықтыру өте маңызды", — деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің тікелей мемлекеттік инвестицияға тәуелділігін атап, бюджеттен бөлінетін қаржы көлемін мысал келтірді.
"Қазір Үкімет тікелей мемлекеттік инвестицияға үміт артып отыр. Алдағы үш жылда бюджеттен геологиялық барлау жұмыстарына 500 миллион долларға жуық қаржы бөлу жоспарланған. Бұл өткен отыз жылда жұмсалған қаражатпен тең. Бұл, әрине, дұрыс, бірақ бәрібір жеткіліксіз", — деді Мемлекет басшысы.
Президент жеке капитал тартудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
"Геология саласын дамытуға жеке капитал тарту Үкіметтің аса маңызды міндеті болып қала береді. Онсыз геологиялық барлау жұмыстары әрдайым қазынадан бөлінетін қаржыға тәуелді бюджеттік жоба болып қалуы мүмкін", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:13, 10 ақпан 2026
Мәдиев Қазақстанның IT-нарығы жедел даму үстінде екенін айтты
-
15:03, 10 ақпан 2026
«Кім жасады – сол төлесін»: Тоқаев мемлекеттік жүйелерді көшіру мәселесінде Мәдиевтен түсініктеме талап етті
-
14:56, 10 ақпан 2026
Жамбыл облысында «күлдіретін газды» жарнамалаған 65 сайт бұғатталды
-
14:50, 10 ақпан 2026
Оралда жасанды интеллект арқылы іздеуде жүрген азамат ұсталды
-
14:44, 10 ақпан 2026
Мемлекет басшысы Роман Склярды мадақтап, Мұрат Нұртілеу мен Әсет Ерғалиевтің қызметіне тоқталды





