Президент Қостанай өңірінің ауыл шаруашылығы әлеуетімен танысты
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қостанай ауданының Майкөл ауылдық округіндегі "Надеждинка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс әкімі өңірдегі ауыл шаруашылығын дамыту шаралары жөнінде мәлімет берді.
Құмар Ақсақаловтың баяндауынша, биыл диқандар 5 миллион гектар алқапқа егін еккен. Элиталық тұқымның үлесі мен минералды тыңайтқыштарды себу көлемін ұлғайту, сондай-ақ машина-трактор паркін жаңарту арқылы егін шаруашылығының өнімділігін арттыру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Мемлекет басшысына өңірде мал және құс шаруашылығы салаларын дамыту туралы баяндалды. Атап айтқанда, алдағы үш жылда 14 тауарлы сүт фермасына инвестиция тартылады.
Мал шаруашылығына арналған 44 кешен және екі ірі құс фабрикасы салынады.
Аталған жобалар есебінен облыстағы сүт және ет өндіру көлемі 1,4 есе, ал құс еті өндірісі 5 есе көбейеді. Бұдан бөлек, бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде үш жыл ішінде терең өңделетін өнімдердің үлесін 70 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:55, 10 қазан 2024
Алматыда жоғалып кеткен Lenovo директоры өлі табылды
-
18:34, 10 қазан 2024
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен брифингіде не айтты
-
18:31, 10 қазан 2024
СҚО-дан есірткі алып келген таратушылар Ақмола облысында ұсталды
-
18:19, 10 қазан 2024
Ақтауда есірткі қылмысына қатысы бар екі тұрғын 10 жылға сотталды
-
18:19, 10 қазан 2024
Ақтауда есірткі қылмысын жасаған азаматтар 10 жылға сотталды