Президент: Қазақстанда «Заң мен тәртіп» қағидаты орнығып, жаңа мәдениет қалыптасып келеді
© Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда "Заң мен тәртіп" қағидатының орнығып келе жатқанын атап өтті.
Соңғы бес жылда елімізде аса ауыр қылмыстар айтарлықтай азайып, тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының көрсеткіші де төмендеген.
Мемлекет басшысы екі күн бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін айтып, екі елдің заң мен тәртіп саясатын ұстануда ұқсас бағытта жұмыс жасап жатқанын жеткізді.
Сонымен қатар, Президент "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясына ерекше мән берді. Биыл елімізде 335,6 миллион ағаш егілген. Ол бұл жобаның халық санасына әсер етіп, ұлттық мәдениет пен жауапкершілікті нығайтып отырғанын атап өтті.
Президенттің айтуынша, тазалық тек көшелер мен үйлердің таза болуын ғана емес, ниетіміздің де таза болуын білдіреді.
Мемлекет басшысы 2025 жылын Қазақстан үшін өрлеу жылы деп сипаттап, оқушылардың түрлі білім додаларынан 1 мыңнан астам медаль жеңіп алғанын, спортшылардың ел мерейін өсіргенін, өнерлі жастардың мәдениетімізді насихаттағанын атап өтті.
Президент жаңа мәдениетті – жанашырлық, тазалық пен жауапкершілікке негізделген қоғам ретінде сипаттап, осындай қадамдардың елімізді рухы биік, мәдениеті бай елге айналдыратынын айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:56, 25 желтоқсан 2025
Елена Рыбакина Қытайдағы турнирді Ига Швентекке қарсы ойынмен бастайды
-
17:44, 25 желтоқсан 2025
Ұлттық Банк 500 теңгелік жаңа банкноттар айналымға шыққанын жариялады
-
17:23, 25 желтоқсан 2025
Құпия сөз орнына биометрия қолдану: Қазақстан киберқауіпсіздік ережелерін қатаңдатты
-
17:14, 25 желтоқсан 2025
СҚО-да мектеп директорының ұялы телефонынан педагогикалық ұжымға жалған хабарламалар тараған
-
17:00, 25 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы: Әулиеата – нағыз еңбекқор адамдардың мекені





