Президент қабылданған жаңа жоспар туралы: Құжат адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтады

20:02, 8 желтоқсан 2023

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Адам құқығы мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы" Жарлыққа қол қоюына байланысты Х парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай "Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы" Жарлыққа қол қойдым. Жоспарда гендерлік теңдікті күшейтуге, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске, қылмыстық сот төрелігі саласында азаматтарды қорғауға, азаптау мен қатыгездіктің алдын алуға бағытталған бірқатар шара қамтылған. Бірлесу бостандығы құқығы мен еңбек құқығын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жолдары қарастырылған. Құжат адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтады. Жоспарды жүзеге асыру шеңберінде тиісті заңдар қабылданады", – деп жазды Президент Х парақшасында.

Алдында Мемлекет басшысы "Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы" Жарлыққа қол қойғаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!