Қостанайда жұмысшыны ор ішінде топырақ басып қалды: кінәлі адамға қандай жаза тағайындалды
© Фото: pixabay
Қостанайда ор қазу жұмыстары кезінде қаза тапқан жұмысшының өліміне қатысты сот үкімі шықты. Сотталушының екі жылға бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, М.-ға қатысты қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотында қаралды. Оған абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзды деген айып тағылды (ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі).
Сот 2026 жылдың тамызында сотталушының жәбірленуші К.-ны еңбек шартын жасаспастан, тереңдігі үш метр болатын ордың ішінде жұмыс істеуге жібергенін анықтады.
"Ордың қабырғалары тиісті деңгейде бекітілмеген, қауіпсіз еңістер жасалмаған және өзге де қажетті қорғаныс шаралары қарастырылмаған. Салдарынан ордың қабырғасындағы топырақ опырылып, ішінде жұмыс істеп жатқан К.-ны басып қалған. Жәбірленуші өміріне қауіпті, ауыр жарақаттар алып, оқиға орнында көз жұмған", – делінген сот хабарламасында.
Сот жарыссөзі барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының бас бостандығын екі жыл алты айға шектеуді сұрады. Ал сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді.
Нәтижесінде сот М.-ның бас бостандығын екі жылға шектеу туралы үкім шығарды. Сонымен қатар ол бір жарым жыл мерзімге өндірістегі қауіпсіздікті бақылауға және қамтамасыз етуге байланысты басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ал Ұлыбританияда Лондон қаласындағы ірі сауда орталығында шыршаны безендіру кезінде қаза тапқан жұмысшының өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адамды электр тогы соғып, ол ауруханада көз жұмған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:54, 25 қараша 2026
Жалған қайғысын пайдаланып, әйелдің үйі мен қомақты ақшасын иемденіп алған
-
09:47, 25 қараша 2026
Рыбакина әлемдік теннис тарихында жаңа белес бағындырды
-
09:23, 25 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында Жетісу облысына 37 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
-
09:14, 25 қараша 2026
Бизнес-грант алмақ болған қазақстандық ірі көлемдегі қаражатынан айырылды
-
09:07, 25 қараша 2026
Шығыс Қазақстанда балық аулауға шыққан үш ер адам қаза тапты





