Президент: Бизнесі мықты мемлекеттің халқы – бақуатты, қоғамы тұрақты болады

16:27, 25 желтоқсан 2025

© Фото: pixabay

Қазақстан Президенті кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалып отырғанын атап өтті.

Бірінші қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді, ол салық жүйесін бақылау мен жазалау тәсілінен бизнес өкілдерімен сенімді серіктестік орнатуға бағыттайды.

Облыстардағы іскерлік ахуалды жақсарту мақсатында "Іскер аймақ" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жоба, ең алдымен, ауылдар мен шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамытуға арналған.


"Бизнесі мықты мемлекеттің халқы – бақуатты, қоғамы тұрақты болады", – деді Мемлекет басшысы.

Қазіргі таңда шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындап, кәсіпкерлер 4,5 миллионға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл – еліміздегі еңбекке жарамды азаматтардың жартысына жуығы.

Сонымен қатар, өндіріс саласы да жаңа серпінге ие болды. Елде белгілі шетелдік және отандық компаниялар белсенді жұмыс істеп, ірі өндіріс орындары ашылуда. Биылдың өзінде 33 зауыт іске қосылды.

Мемлекет басшысы осындай қадамдар экономиканы дамытуға, жұмыс орындарын көбейтуге және қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!