Президент: Ауыл шаруашылығы – ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы айрықша сала
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында агросақтандыру жүйесін жетілдіру қажет екенін айтты. Ол Үкіметке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, осы нарықты дамыту жөнінде нақты ұсыныстар беруді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы қуаңшылық, үсік немесе мал ауруы шаруалардың жылдар бойғы еңбегін зая кетіруі мүмкін екенін ескертті.
"Жергілікті климат жағдайына сеніп, жайбарақат отыруға болмайды. Бұл әуел бастан тиімсіз стратегия. Шығынды үнемі бюджеттен өтеу де проблеманы шешпейді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент шаруаларды осындай тәуекелдерден алдын ала сақтандыруға ынталандыру мәселесіне де тоқталды.
"Сонымен қатар шаруаларды тәуекелдерден алдын ала ерікті түрде сақтануға ынталандыратын шаралар қарастыру қажет", – деді Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:25, 20 қараша 2026
Ауа райы қолайсыз болғанына қарамастан, биыл да ел қамбасы астыққа толды – Мемлекет асшысы
-
15:22, 20 қараша 2026
Тоқаев: Су көздері де шаруа қожалықтары үшін қолжетімді болуы керек
-
15:22, 20 қараша 2026
Тек былтырдан бері 71 тауар-сүт фермасы іске қосылды – Президент
-
15:17, 20 қараша 2026
Ветеринария саласын жаңғыртуға айрықша мән беру қажет – Тоқаев
-
15:10, 20 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Егін шаруашылығындағы өнімділікті арттыру маңызды»





