Полиция Түркістан облысында заңсыз көші-қонмен айналысқан адамдар тобын ұстады
© Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шетел азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмек көрсетумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нақтырақ айтсақ, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шетелдіктерге шекарадан өту үшін жалған сот қаулыларын берген 9 адамды ұстады.
Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталады.
Сонымен қатар жоғарыда аталған жалған құжаттардың көмегімен ҚР шекарасынан өтуге тырысқан 10 шетелдік азамат елден шығарылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:20, 26 қараша 2024
Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:03, 26 қараша 2024
Қазақстандық спортшылар бадминтоннан Бахрейнде өткен турнирде жеңіске жетті
-
20:58, 26 қараша 2024
Шымкенттегі ІІМ оқу-жаттығу орталығында граната жарылып, курсанттар зардап шекті
-
20:17, 26 қараша 2024
Түркіменстанда қазақстандық блогер ұсталды
-
19:55, 26 қараша 2024
Алматы облысында полиция ауыл тұрғындарын алдаған күдіктіні анықтады