Түркістан облысының ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК басшысы сотталды
© Фото: Zakon.kz
Түркістан қалалық сотының үкімімен облыстық ветеринария басқармасының "Ветеринарлық қызмет" ШЖҚ МКК басшысы Бақытжан Бегманов сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылдың 26 қарашасында Антикор баспасөз қызметінің берген мәліметінше, ол аудандық ветеринариялық қызметтердің 115 қызметкеріне сыйақы ретінде төленген жалпы сомасы 5,5 млн теңгені жинау арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Бақытжан Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:45, 26 қараша 2024
Қазақстан мен Ресей теміржол көлігі мен автомобиль жолдарын бірге дамытатын болады
-
11:33, 26 қараша 2024
26 қарашада Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы қалай өзгерді
-
11:20, 26 қараша 2024
Түркістан облысында тазы тұқымының ең жылдам иті таңдалды
-
11:09, 26 қараша 2024
Ақмола облысының ер тәрбиешісі қазақстандықтардың жүрегін жаулап алды
-
10:53, 26 қараша 2024
Жаңа ғимараттардың энергия тиімділігі қалай тексеріледі