Ақмола облысының ер тәрбиешісі қазақстандықтардың жүрегін жаулап алды
© Сурет: Ақмола облысы білім басқармасы
Щучинск қаласының "Болашақ" шағын орталығында жұмыс атқаратын Арман Досмағамбетов өзінің мамандығымен қазақстандықтарды таң қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24kz" телеарнасы мәліметінше, Арман Досмағамбетов 17 жылын педагогикалық мамандыққа арнаған. Оның 12 жылында шағын орталықта қызмет арқарады. Қазір ол аймақтағы жалғыз ер тәрбиеші.
Арман Кәрібайұлының айтуынша, оны мұғалім мамандығын таңдауға анасы шабыттандырған. Ол тәрбиеші ғана емес, педагог-сарапшы және үш баланың әкесі өңірдің қоғамдық өміріне белсенді қатысады.
2022 жылы ол аудандық байқауда үздік әке атанды, ал 2023 жылы ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілеріне "ата-аналармен жұмыс" тақырыбында семинар ұйымдастырды.
2024 жылдан бастап Бурабай ауданының "Әкелер одағын" басқарады. Сондай-ақ, бірқатар марапаттары бар:
- 2023 жылы ҚР Президенті аппаратының Алғыс хаты;
- Ақмола облысының әкелер одағының 2024 жылғы грамотасы.
Бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте әйелді ұрған ер адам қамауға алынғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:27, 26 қараша 2024
Қазақстанда мемлекеттік су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі кеңейтілді
-
13:09, 26 қараша 2024
Жыл басынан бері Павлодар облысында 1331 мас жүргізуші ұсталды
-
12:58, 26 қараша 2024
Ақмолада полицейлер өзін нашар сезінген жүргізуші әйелді құтқарды
-
12:53, 26 қараша 2024
Қазақстан мен Сент-Китс және Невис визалық талаптардан босату туралы келісімді бекітті
-
12:44, 26 қараша 2024
Телефонды жоғалтқан кезде немесе оны ұрлағанда не істеу керек