Түркіменстанда қазақстандық блогер ұсталды

20:17, 26 қараша 2024

© Фото: zakon.kz

Түркіменстанда "Еуро одақ" лақап атымен танымал қазақстандық блогер Ерхат Құсайынов ұсталды. Мұны бүгін, 2024 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Блогердің Instagram парақшасынан оның саяхаттап жүргені белгілі болды. "Еуро одақ" Алматыдан Абу-Дабиге автостоппен баруды жоспарлаған. Ол кейінгі жазбасын, Самарқанда түскен суретін 17 қарашада жариялаған.

Жазбаның астында достары мен жазылушылары дабыл қағып, блогерге "Қайдасың?" деп сұрақ қойып жатыр.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Құсайыновтың ұсталуына қатысты түсінік берді.

"Оны түрікмен шекарашылары өзбек-түрікмен мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін ұстады. Біздің елшілігіміз бұл мәселеге қатысты, консул ұсталған азаматпен кездесуді сұрады", - деді ол.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!