Полиция суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады
© Фото: pexels
Жаз мезгілінің келуімен елорда тұрғындары мен қонақтарының өзен-көлдер мен су айдындарында демалуы артып келеді.
Алайда бейқамдық пен қауіпсіздік талаптарын елемеу орны толмас қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін. Осыған байланысты Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды суға шомылу кезінде аса сақ болуға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері төтенше жағдайлар органдарының өкілдерімен бірлесіп су айдындарында күнделікті профилактикалық рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарда шомылу, кәмелетке толмағандардың қараусыз жүруі және алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түсу фактілерінің алдын алуға ерекше назар аударылуда.
Өкінішке қарай, жыл сайын қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың салдарынан азаматтар, оның ішінде балалар суға кетіп жатады. Көп жағдайда қайғылы оқиғалар ересектердің салғырттығы мен жауапсыздығынан орын алады.
Полиция тұрғындарға қарапайым, бірақ өмірді сақтап қалатын ережелерді еске салады. Тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген жағажайларда ғана шомылыңыз, белгі қойылған қауіпті аймақтарға бармаңыз, алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін суға түспеңіз, балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмаңыз және суда өз күшіңізді дұрыс бағалап, қауіп төнген жағдайда бірден құтқару қызметіне хабарласыңыз.
Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыз! Жауапкершілік пен сақтық — қайғылы жағдайлардың алдын алудың басты кепілі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:26, 16 маусым 2026
Алматы дәрігерлері тоғызыншы қабаттан құлаған бойжеткеннің өмірін сақтап қалды
-
15:19, 16 маусым 2026
Алматы, Астана және Шымкентте найзағай ойнап, аптап ыстық болады
-
15:08, 16 маусым 2026
«Сені сүйемін, Қазақстан»: оңтүстіккореялық актриса Со Джу Ён Алматыдан алған әсерімен бөлісті
-
14:57, 16 маусым 2026
Зейнетақы жинағын алу шегі өзгерді: БЖЗҚ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
-
14:49, 16 маусым 2026
Алматы хайуанаттар бағында канадалық сілеусіндер пайда болды





