Полицейлер желідегі мониторингті күшейтті: «Мигель Коуч» лақап атымен танымал блогер ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Қазнетте "Мигель Коуч" лақап атымен танымал блогер Мирас Беркинбаев тұтқындалды. Оның ұсталуына TikTok әлеуметтік желісіндегі былапыт сөздері себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бейнежазба әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Видеода ер адам қоғамдық орында бейнежазба түсіру барысында балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
"TikTok әлеуметтік желісінде ер адамның қоғамдық орында бейнежазба түсіру барысында балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды. Кейін ол аталған бейнежазбаны өзінің парақшасында жариялап, құқыққа қайшы әрекетін көпшілікке ашық түрде таратқан",- деп мәлімдеді ведомство.
Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтады. Құқық бұзушы 32 жастағы Мирас Беркинбаев болып шықты. Осылайша, ол өзінің әрекеті үшін сот алдында жауап берді.
Аталмыш тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.
Бұған дейін заңсыз контент таратқан 20-дан астам стример жауапкершілікке тартылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:24, 8 қыркүйек 2026
Қазақстанда мамандар даярлау жүйесі қайта құрылмақ
-
14:18, 8 қыркүйек 2026
Алматыда жыл басынан бері магнит жұтып қойған 15 бала ауруханаға түсті
-
14:10, 8 қыркүйек 2026
Дәрігерлерден 319 млн теңге ұрлап, оны брендтерге шашқан әйел түрмеге түспеді
-
14:02, 8 қыркүйек 2026
«Ештеңе істей алмадым»: Осака Рыбакинамен өткен матч туралы пікір білдірді
-
13:58, 8 қыркүйек 2026
110 млн теңге және 16 дроппер: Алматыда заңсыз казино желісі әшкереленді





