Астанада бір отбасының мүшелері қыздарды жезөкшелікке тартып, клиенттерінен ақша бопсалаған
© Сурет: Zakon.kz
Астанада құрамына бір отбасының мүшелері кірген ұйымдасқан қылмыстық топ кәмелетке толмағандарды да жезөкшелікке тартып, притон ұйымдастырған. Топ құрамында 15 адам болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда прокуратурасының 2026 жылғы 21 қыркүйектегі мәліметінше, 2023-2025 жылдар аралығында апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерде ақылы интимдік қызмет көрсету орындарын ашқан.
"Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында күзетшілер, әкімшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қызметті жарнамалаған адамдар болған. Ұйымдастырушылар қыздарды қаланың түнгі клубтарынан іздеп, оларға жоғары табыс, баспана, қауіпсіздік және құпиялылықты қамтамасыз етуге уәде берген", – деп хабарлады прокуратура.
Сонымен қатар қылмыстық топ мүшелері клиенттердің мас күйін пайдаланып, оларға күш көрсеткен, ақша бопсалаған және жалдамалы пәтерлерде заңсыз ұстап отырған.
Топтың 15 мүшесі де ұсталды. Оларға қатысты қамауда ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Бұған дейін Өскеменде алты жыл бойы порнографиялық материалдар дайындап, таратумен айналысқан қылмыстық топтың 14 мүшесіне үкім шығарылған еді. Ұйымдасқан қылмыстық топ Қазақстанның бірнеше өңірінде ауқымды заңсыз бизнес құрып, одан тұрақты әрі мол табыс тауып отырған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:08, 21 қыркүйек 2026
Әсел Қанай каратэден Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды
-
16:50, 21 қыркүйек 2026
Жетісу облысында үй жағдайында есірткі өсірген екі адам ұсталды
-
16:47, 21 қыркүйек 2026
Алматы күніне арналған мерекелік іс-шараларға миллионнан астам адам қатысты
-
16:32, 21 қыркүйек 2026
Қазақстанда қоғамдық орындарға зиян келтіретін граффитиге толық тыйым салынуы мүмкін
-
16:26, 21 қыркүйек 2026
Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында рекордтық нәтижемен жеңіске жетті





