Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті
© Сурет: pexels
2026 жылғы 19 қыркүйек, сенбі күні Астанадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде KeshYou тобының 20 жылдығына арналған мерейтойлық концерт аншлагпен өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Концерттің қалай өткенін топтың продюсері Баян Алагөзова көрсетті.
Бір сахнада топтың әр жылдардағы әншілері, соның ішінде "алтын құрамда" болған Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева және басқа да өнерпаздар бас қосты. Олар танымал әндерін жаңартылған, заманауи нұсқада орындады.
"Кеше керемет болды! Рақмет, Астана!" – деп әсерімен бөлісті топтың екінші продюсері Бағым Мұхитденова.
Алайда концерт барысында келеңсіз жағдай да болды. Фан-аймақта екі ер адам сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан.
Соған қарамастан, көрермендер концерттен ерекше әсер алып, Қазақстанның басқа қалаларында да қосымша шоу өткізуді сұрады.
- "Алматыдағыдан да керемет болды";
- "Әлемдік деңгейдегі ғажап шоу! Мақтанамыз әрі тамсанамыз";
- "KeshYou шоуын бүкіл әлемге көрсету керек!";
- "Шымкентте концерт ұйымдастыруларыңызды өтінеміз!";
- "Керемет! Якутиядан арнайы ұшып келіп, билетті әрең сатып алдым. Концерт күткенімнен де асып түсті! Жоғары деңгейде ұйымдастырылған ауқымды шоу болды. Қыздардың бәрі ерекше сұлу, сымбатты әрі харизмалы. Қимылдары пантерлердей, физикалық дайындығы да керемет! Ал киімдері – бөлек әңгіме. Сыйлаған эмоцияларыңыз бен эстетикалық ләззат үшін рақмет! Мұның артында орасан еңбек тұр. Жасай беріңіз, Баян! Мен сіздің шығармашылығыңыздың жанкүйерімін. Якутияға келіңіздер!";
- "Бішкекке қашан келесіздер?";
- "Қуатты шоу болды";
- "Шымкенттік жанкүйерлердің жүрек үнін естіңіздер";
- "Концерттеріңізден кейін нағыз концерттің қандай болуы керегін түсіндім. Межені соншалықты жоғары қойдыңыздар, енді әріптестеріңіз сіздерге қалай жетуді ойлап, бас қатыратын болады", – деп жазды желі қолданушылары.
Бұған дейін Баян Алагөзованың жұбайы 57 жасын дүркіретіп атап өткені туралы жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:34, 21 қыркүйек 2026
Машинист Қазақстан даласында адасып кеткен баланы құтқару үшін пойызды тоқтатты
-
10:21, 21 қыркүйек 2026
Қазақстанда 300 млн теңге жеңілдетілген несие ұрланды
-
10:07, 21 қыркүйек 2026
Иттің соңынан қуған қар барысы Алматы тауларында туристердің алдынан шықты
-
09:56, 21 қыркүйек 2026
АҚШ-қа тікелей рейс ашуға бір қадам жақын: Қазақстанда авиациялық қауіпсіздікті бағалау басталды
-
09:44, 21 қыркүйек 2026
Рыбакинаның алғашқы жаттықтырушысы Еленамен жұмыс істеген кезеңін еске алды





