Қазақстанда темекі өнімдерін таңбалау тарифі төмендетіледі

09:35, 21 қыркүйек 2026
MKZ: 1567921

© Фото: Zakon.kz

Қаржы министрлігі темекі өнімдерін таңбалау кезінде қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі мен сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшеріне өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға сәйкес, таңбалау құны бір данасы үшін қазіргі 2,68 теңгеден 2,66 теңгеге дейін төмендетіледі.

Қаржы министрлігінің түсіндіруінше, өзгеріс темекі өнімдерінің айналымына қатысушыларға түсетін тарифтік жүктемені азайтуға, олардың таңбалауға жұмсайтын шығындарын оңтайландыруға және кәсіпкерлік қызметке қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ министрлік ұсынылған тарифтің Бірыңғай таңбалау операторы көрсететін қызмет құнына анағұрлым негізді екенін атап өтті.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 5 қазанға дейін қоғамдық талқылауға жарияланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!