Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді.

17:00, 23 қазан 2026
MKZ: 1574064

© Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Республика күні қарсаңында ұзындығы 144 шақырымды құрайтын "Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы" автомобиль жолының барлық учаскелерінде асфальтбетон жабынын төсеу жұмысы толық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 17:00

Автомобиль жолының "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ теңгеріміндегі 0–36 шақырым және 108–144 шақырым аралығындағы учаскелерінде жұмыс бұрынырақ аяқталып, пайдалануға берілген еді.

Ал жолдың 36–72 км, 72–108 км аралығындағы бөлігі Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. қаражаты есебінен 2024 жылы басталып, бүгінде толық жаңарудан өтті.

Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 17:00

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазіргі таңда асфальтбетон жабынын төсеу толық аяқталды. Енді тек жолдың қосымша инфрақұрылымын ретке келтіру, соның ішінде жол таңбаларын сызу, жерді рекультивациялау (қалпына келтіру), жол жиегіне көпжылдық шөп егу және жобада қарастырылған басқа да жұмыс жасалып жатыр. Ол қараша айының соңына дейін аяқталмақ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!