15 жыл бойы шатырда жатқан карталар британдықты миллионер етті
© Фото: freepik
Ұлыбританияның Суррей графтығында тұратын ер адам шатырда шамамен 15 жыл сақтаған Pokémon карталарының коллекциясын сатып, 1,56 млн фунт стерлингке (шамамен 1 млрд теңгеден астам) ие болды. Ол осы уақытқа дейін бұл коллекцияның соншалықты қымбат екенін білмеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
SWNS басылымының мәліметінше, ер адам жергілікті газеттен бір Pokémon картасының 6 мың фунт стерлингтен астам сомаға сатылғаны туралы оқығаннан кейін өз коллекциясын бағалауды ұйғарған. Ewbank’s аукцион үйі бастапқыда барлық картаны 270 мың фунт стерлингке бағалаған. Алайда сауда қорытындысы күткен нәтижеден әлдеқайда жоғары болды.
Pokémon: A Decade of Masters (1999–2009) деп аталатын коллекцияға сирек кездесетін карталар мен толық жинақтар кірген. Барлығы 42 жинақ болған, оның 41-і аукционға қойылған. Біреуін иесі өзіне қалдырған.
Ең қымбат лот Charizard карталары бар Legendary Collection Master Set жинағы болды. Оның бастапқы бағасы 15–20 мың фунт стерлинг болғанымен, аукционда 100 мың фунтқа сатылды.
Коллекция иесінің айтуынша, ол Pokémon ойынына ұлы қызығушылық танытқан 1990-жылдардың соңында алғашқы жинақтарды сатып ала бастаған. Бір жинаққа шамамен 300 фунт жұмсаған. Кейін олардың бірі аукционда 75 мың фунт стерлингке сатылған.
Ұлының коллекция жинауға деген қызығушылығы басылғаннан кейін карталар шатырда қалып қойған. Соған қарамастан, олардың барлығы дерлік мінсіз күйде сақталған.
Аукцион үйінің өкілдері бұл сауда компанияның 30 жылдан астам тарихындағы ең табысты сатылым болғанын атап өтті.
Retired decorator becomes millionaire overnight as Pokémon cards he kept in his attic sell for £1.56MILLION https://t.co/GaLFWqnuSG
— Daily Mail (@DailyMail) October 22, 2026
Бұған дейін анасының кеңесіне құлақ асқан әйелдің 240 млн теңге байлыққа кенелгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:36, 23 қазан 2026
Сауд Арабиясы «Мукааб» алып текше ғимараты жобасына өзгеріс енгізді
-
10:45, 23 қазан 2026
Тибеттегі жер сілкінісі: 16 адам қаза тауып, жүздеген үй қирады
-
10:14, 23 қазан 2026
АҚШ-та оқушы қызды ұрламақ болған сәт бейнежазбаға түсіп қалды
-
22:41, 22 қазан 2026
Тибетте қатты жер сілкінісі болды
-
16:55, 22 қазан 2026
Әлемде алғаш рет сирек кездесетін Шамонда вирусын жұқтырған науқас қайтыс болды





