Базалық мөлшерлеме төмендеді: елімізде несие қашан арзандайды

17:10, 23 қазан 2026
MKZ: 1574065

© Фото: freepik

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 23 қазанда өткен брифингте базалық мөлшерлеме төмендегеннен кейін банктер несие мөлшерлемелерін қанша уақыттан соң қайта қарайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Тимур Сүлейменов ақша-кредит саясатына қатысты шешімдер, соның ішінде базалық мөлшерлемені өзгерту шаралары белгілі бір уақыт кідірісімен әсер ететінін атап өтті.

"Бұл жерде уақыт кідірісі бар. Ол шамамен 9-12 айға созылады, ал кейбір өнімдер бойынша одан да ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан оның әсерін көре бастаймыз, қазірдің өзінде мөлшерлемелер төмендей бастады. Экономикадағы несие мөлшерлемелеріне қарасаңыз, жыл басынан бері олар шамамен 1 пайыздық тармаққа төмендеді. Демек, төмендеу жалғасады деп күтіп отырмыз", – деді ол.

Алайда қолданыстағы несие шарттары қайта қаралады деп күтудің қажеті жоқ.

"Бүгін базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдадық. Бірақ бұл банктер несие шарттарын қайта жазуға кіріседі дегенді білдірмейді. Несие шарттарында мөлшерлемелер нақты көрсетілген. Шарттың мерзімі аяқталғанша сол құжатта жазылған мөлшерлемелер қолданылады. Базалық мөлшерлеме көтерілген кезде де осы қағида керісінше бағытта дәл осылай жұмыс істейді", – деп түйіндеді Ұлттық банк төрағасы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!