Алматыда түнде үсік болады: бір аптаға арналған ауа райы болжамы

17:03, 23 қазан 2026
MKZ: 1574063

© Фото: Zakon.kz

Гидрометорталықтың ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, алдағы демалыс күндері Алматыда күн айтарлықтай суытады. Түнде үсік жүреді, алайда келесі аптаның соңына қарай ауа температурасы +15 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Баян Қанаеваның айтуынша, облыс аумағына кең ауқымды суық антициклонның оңтүстік-шығыс сілемі әсер етіп тұр.

"Оның әсерінен қалада бір апта бойы жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Тәуліктік температура айырмасы да айтарлықтай болады. Алдағы үш түнде ауа температурасы -5-7 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Алайда антициклон біртіндеп әлсіреп, солтүстік-шығысқа қарай жылжыған сайын түнгі ауа температурасы +3+5 градусқа дейін, күндіз +4+6 градустан +13+15 градусқа дейін көтеріледі", – деді Баян Қанаева.

Сонымен қатар синоптиктер 2026 жылғы 23 қазанға қараған түні және 24 қазанда Алматы облысында дауылды ескерту жариялады.

"24 қазанда Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні секундына 18-23 метрге жетеді. Түнде облыс бойынша ауа температурасы -1-6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді", – деп толықтырды синоптиктер.

Сондай-ақ синоптиктер 24 қазанға қараған түні Алматы мен Қонаев қалаларында ауа температурасы -2-4 градусқа дейін төмендейтінін ескертті.

Іле Алатауының тауларында, Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында 24 қазанда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 18-23 метрге жетеді.

Бұдан бөлек, облыстың батысында, шығысында және орталығында өрт шығу қаупі жоғары болады.

Алматы қаласының 2026 жылғы 24-30 қазан аралығындағы ауа райы болжамы

24 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы -2-4 градус, күндіз +4+6 градус.

25 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы -5-7 градус, күндіз +5+7 градус.

26 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы -3-5 градус, күндіз +8+10 градус.

27 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы -1-3 градус, күндіз +11+13 градус.

28 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы +1+3 градус, күндіз +11+13 градус.

29 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы +2+4 градус, күндіз +12+14 градус.

30 қазан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы +3+5 градус, күндіз +13+15 градус.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!