ШҚО-да қар құрсауында қалып кеткен жеті адам құтқарылды

19:40, 22 қазан 2026
MKZ: 1573868

© Фото: zakon.kz

Күршім ауданы Құйған ауылдық округіне қарасты Татарка учаскесінде электр желілерінде жұмыс істеп жүрген энергетикалық компанияның жеті қызметкері екі автокөлікпен қар құрсауында қалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жоғары өтімді арнайы техникамен келген құтқарушылар жеті адамды жақын маңдағы елдімекенге эвакуациялады.

Оларға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ ауа райы жағдайына қарап, дауылды ескертулерді қадағалаңыздар және қыс мезгілінде жолға шығар алдында құтқарушылардың ұсынымдарын орындауды ескертеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!