Планетологтар Марста «Солтүстік Мұзды мұхитқа» тең алып мұхит болғанын анықтады
© Сурет: freepik
Халықаралық планетологтар тобы миллиардтаған жыл бұрын Қызыл ғаламшарда алып мұхит болғанына дәлел болатын айқын айғақтарды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
New Scientist дерегінше, мұхит Марс климатының жұмсақ болуына ықпал етіп, атмосфераға әсер еткен, ең бастысы – тіршіліктің пайда болып, дамуына қолайлы орта ұсынған болуы мүмкін.
Жаңа орбиталық деректер ғалымдарға ежелгі жағалау сызықтарының пішінін қалпына келтіріп, мұхиттың ауқымын бағалауға мүмкіндік берді. Бұл жаңалықты Швейцариядағы Берн университетінің ғалымы Фриц Шлунеггер жетекшілік еткен халықаралық зерттеу тобы анықтаған.
Шлунеггер мен оның әріптестері Марс орбитасында жұмыс істеп тұрған бірнеше ғарыш аппараттарының деректерін талдады. Атап айтқанда, АҚШ-тың Mars Reconnaissance Orbiter зонды мен Еуропаның Mars Express және Trace Gas Orbiter станцияларының мәліметтері пайдаланылған. Зерттеуде ExoMars миссиясындағы CaSSIS ғылыми құралы ерекше рөл атқарды. CaSSIS – жоғары айқындықтағы камера. Ол түрлі-түсті суреттер мен стереобейнелер түсіруге қабілетті, соның арқасында Марс бетінің қара-ақ суреттерде көрінбейтін ұсақ ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Сурет: Fritz Schlunegger
Жаңа түсірілімдерді геоморфологиялық талдау деректерімен салыстыра отырып, зерттеушілер Жер бетінде өзендердің мұхитқа құяр сағаларында немесе таулар етегінде қалыптасатын альпілік көлдер маңында пайда болатын құрылымдарға өте ұқсас көптеген пішіндерді тапты.
Мұндай құрылымдардың Жердегі айқын мысалы – Ніл өзенінің атырауы. Егер өзен сағасындағы Жерорта теңізінің суын ойша алып тастасақ, ашылатын жер бедері Марста ғалымдар байқаған көрініске өте жақын болар еді.
Ал алынған суреттер топографиялық деректермен біріктірілген кезде, мамандар ежелгі мұхитты қоршаған көне жағалау сызығын анықтап, оның шамамен қандай көлемде болғанын есептей алды. Есептеулерге сәйкес, бұл мұхиттың аумағы Жердегі Солтүстік Мұзды мұхитпен шамалас болған – шамамен 14,09 миллион шаршы шақырым.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:48, 22 қаңтар 2026
Іс айрықша бақылауда: Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу жалғасуда
-
13:34, 22 қаңтар 2026
Қазақстанда автокөлік жуу орындары жаңа ережелер бойынша жұмыс істей бастайды
-
13:26, 22 қаңтар 2026
Нұрай Серікбайдың өлімі: Шымкент полициясының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
13:17, 22 қаңтар 2026
Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтарын Моңғолияда пайдалана алады
-
13:09, 22 қаңтар 2026
Қазақстан азаматтарына Франциямен визалық режим жеңілдетіледі





