Эквадорда ресейлік әйел сирек кездесетін игуаналарды заңсыз әкетпек болған
© Сурет: magnific
Эквадор астанасында құқық қорғау органдары сирек кездесетін бауырымен жорғалаушылардың ірі партиясын заңсыз әкетуге жол бермеді. Шетелдік әйелдің "күдікті жүгі" тексеру кезінде полицейлердің назарын аударған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, Ресей азаматы кәдімгі чемоданға сирек кездесетін 32 галапагостық теңіз игуанасын салып, елден алып шығуға тырысқан.
"Әйел жабайы жануарларды заңсыз саудалады деген күдікпен ұсталды. Процессуалдық іс-шаралар тәркіленген жануарларды анықтау және қорғау мақсатында прокуратура және табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілді", – деп хабарлады 2026 жылғы 30 тамызда Эквадор полициясы.
#ATENCIÓN ||
— Policía Ecuador (@PoliciaEcuador) August 29, 2026
APREHENDIMOS A UNA EXTRAJERA QUE TRANSPORTABA 32 IGUANAS MARINAS DENTRO DE UNA MALETA EN QUITO
En #Quito, la #PolicíaEcuador, detectó en el equipaje de una persona de nacionalidad rusa 32 ejemplares de iguanas marinas de Galápagos.
La mujer fue aprehendida por el… pic.twitter.com/wevKmIWEwD
Құқық қорғау органдары әзірге бауырымен жорғалаушылардың әйелдің қолына қалай түскенін және оларды қай елге алып кетпек болғанын нақтылаған жоқ.
Ведомство жабайы табиғат мемлекет тарапынан қатаң қорғалатынын және жануарларды контрабандалық жолмен әкетуге жасалған кез келген әрекеттің қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті.
Бұған дейін Таиланд әуежайларында "қауіпті чемоданды" иесі жоқ кезде ашуға болатындығы туралы жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:45, 31 тамыз 2026
Lamborghini бес мың долларға жуық тұратын балалар арбасын шығарды
-
12:21, 31 тамыз 2026
Гаражда қолдан жасалған алкоголь ішкен екі ер адам қайтыс болды
-
12:14, 31 тамыз 2026
Мадуро АҚШ түрмесінен немерелеріне сурет жіберді
-
11:20, 31 тамыз 2026
NASA екі әйел астронавты ашық ғарышқа шығарады
-
14:05, 30 тамыз 2026
Бішкектегі барлық өрт сөндіру көлігі ірі базардағы өртті сөндіруге жіберілді





