Петропавлда полицейлер бұзақылық жасаған күдіктілерді «ізін суытпай» ұстады

13:27, 1 қараша 2024

© Фото: Zakon.kz

Петропавл тұрғыны "102" арнасына хабарласып, бұзақылардың қолынан зардап шеккенін айтқан.

Оның айтуынша, кешке қарай итімен серуендеп жүрген кезде белгісіз екі адам оны соққының астына алған.

Құқықтық тәртіпті сақтау бойынша түнгі кезекшілікке түскен полицияның кешенді күштеріне, сондай-ақ қалалық полиция басқармасының құрамындағы жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторларына бұл оқиға туралы айтылып, бұзақылық жасаған күдіктілерді іздеу басталды.

Қазақстан Конституциясы мен М. Әуезов көшелерінің қиылысындағы модульге түнгі кезекшілікке түскен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аумақты тексеру кезінде бағдар бойынша сипаттау белгілері ұқсас, масаң күйдегі екі адамды байқаған.

Олар ұсталып, жедел-тергеу тобы келгенше модульге жеткізілді. Сырттай қарап тексеру кезінде күдіктілердің бірінен кастет табылып, алынды.

Ақпарат берілген сәттен жарты сағат өтпей күдіктілер қолға түсті. Тәртіп сақшылары: полицияға уақтылы жүгіну қылмыстарды "ізін суытпай" жедел ашуға септігін тигізетінін еске салады.

Бұл "заң және тәртіп" қағидатын іске асырудағы маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!