Петропавлда мерекелік демалыс күндері полицияға 1800-ден астам қоңырау түсті
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Петропавлда мерекелік демалыс күндері "102" арнасына 1800-ден астам қоңырау түсті.
Петропавлда өткен мерекелік демалыстарды полицейлер тыныш деп бағалады. Дегенмен, мереке күндеріне тән оқиғалар болды.
31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін тыныштықты бұзу бойынша 31 шақырту тіркелді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары отбасылық жанжалдар мен тәртіпсіздіктерге қатысты 62 қоңырауға жауап берді.
Жалпы, бес күн ішінде "102" жедел арнасына 1880 қоңырау түсті. Мүлікті ұрлаудың 7 және алаяқтықтың 7 фактісі тіркелді. Петропавл қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары күшейтілген режимде жұмыс істеді.
Олар мереке күндері 181 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 124 дерек – жол қозғалысы ережелерін бұзу.
Айта кетейік, ұзақ демалыс күндері қала көшелерінде 38 түрлі оқиға тіркелген. Полицейлер ауа райының құбылмалы жағдайына байланысты жүргізушілерді ерекше сақ болуға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:45, 7 қаңтар 2025
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Бразилия «қара жәшіктерді» зерттеп болды
-
09:33, 7 қаңтар 2025
Қытайда халықаралық мұз бен қар фестивалі басталды
-
09:23, 7 қаңтар 2025
БҚО-да туған ағасы мен інісін 5 млн теңгеге «отырғызған» күдікті ұсталды
-
09:01, 7 қаңтар 2025
Тоқаев еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады
-
23:01, 6 қаңтар 2025
«Тас-талқаны шықты». Медеуге барар жолда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бес адам зардап шекті