«Тас-талқаны шықты». Медеуге барар жолда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бес адам зардап шекті
© Сурет: Zakon.kz
Алматыда 6 қаңтарда тау басындағы "Медеу" мұз айдынына апаратын жолда екі көліктің қатысуымен ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апаты Керей-Жәнібек хандар көшесінде болған, Toyota және Kia көліктері соқтығысқан.
Toyota көлігінің жүргізушісі атап өткендей, ол аз жылдамдықпен төмен қарай ылдилап келе жатқан, кенеттен паралелль жолда өзіне қарама-қарсы келе жатқан көліктер ішінен Kia қарсы жолаққа суырылып шығып, оның көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Сурет: Zakon.kz
Жүргізуші бұл жайттың тез болғаны соншалықты, кроссовердің бұлай маневр жасауына не түрткі болғанын ұқпағанын, сол секілді өзі де қандай да бір әрекет ете алмай қалғанын айтады.
Апат салдарынан бес адам зардап шекті. Олардың арасында Toyota жүргізушісінің отбасы да бар: әйелі және екі баласы. Балалардың бірі 2011 жылы туған ұл бала және жүргізушінің жұбайы жарақатпен ауруханаға жатқызылды, ал өзі ауыр жарақат алмаған.
Сондай-ақ, аяғы сынған Kia жүргізушісі мен оның жолаушысы да зардап шекті.
Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, Kia жүргізушісі бұрылыс кезінде тайып, рөлге ие бола алмай қалған болуы мүмкін. Апаттың мән-жайы нақтыланатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:16, 7 қаңтар 2025
Қаскелеңде әйел парфюм сататын дүкенде шыққан өрт кезінде зардап шекті
-
17:56, 7 қаңтар 2025
Синоптиктер ертең елдің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болатынын болжады
-
16:51, 7 қаңтар 2025
Тараздағы кафеде ішімдікке «тойып алған» жас жігіт полицейге пышақпен шабуыл жасады
-
16:38, 7 қаңтар 2025
Алматының коммуналдық қызметі қар жауады деген болжамға байланысты жұмысын күшейтті
-
15:52, 7 қаңтар 2025
Қарағанды облысында интернет-алаяқтардың әрекеті тоқтатылды