Тоқаев еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады
© Сурет: pixabay
7 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент жұртқа жақсылық пен үміт сыйлайтын осы жарқын мейрамда діндар жандар адами құндылықтарға қызмет ету жолында өзара бірігетінін айтады.
"Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православ дінін ұстанатын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға асығады. Православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді. Қоғамдағы татулық пен түсіністік Қазақстанның тұрақты дамуының мызғымас тірегі болып қала беретініне кәміл сенемін. Еліміздің православ христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Рождество мерекесі құтты болсын!". ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Айта кетсек, 6 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды алаңдатып отырған метапневмовирус жайына қатысты пікір білдірген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:04, 8 қаңтар 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Сатыбалдыны қабылдады
-
12:01, 8 қаңтар 2025
Алматы полициясы көлік иелерін көліктерін тек белгіленген жерге қоюға шақырады
-
11:50, 8 қаңтар 2025
Алматыда жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр
-
11:32, 8 қаңтар 2025
Илон Маск ағылшын премьер-лигасындағы құрамаға иелік етуі мүмкін
-
11:21, 8 қаңтар 2025
Алматы және Астана айырбастау пункттеріндегі 8 қаңтардағы валюта бағамы