Петропавлда макарон фабрикасының жұмысшысын қамыр илейтін құрылғы тартып әкетті: ер адам қаза тапты
© Фото: primeminister.kz
Петропавлдағы макарон фабрикасында 35 жастағы жұмысшы қаза тапты. Қамыр илейтін құрылғыны тазалап жатқан кезде оның қалақтары кенеттен іске қосылып, ер адамды ішіне тартып әкеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға кәсіпорында түнгі ауысым кезінде болған. Макарон фабрикасындағы өндіріс процесі тәулік бойы жүреді. Қайғылы жағдай болған түні 35 жастағы престеуші қамыр илейтін құрылғыны тазалап жатқан. Сол сәтте агрегат кенеттен іске қосылып, оның қалақтары айнала бастаған. Қайғылы оқиға жұмысшының әріптесінің көз алдында болған.
"2026 жылғы 12 қазанда түнгі сағат үш шамасында макарон өнімдерін өндіру кезінде фабриканың престеушісімен өлімге әкелген жазатайым оқиға болды. Оқиға қамыр илейтін аппаратты қамыр қалдықтарынан тазалау барысында болған. Жұмысшы құрылғыны тазалап жатқан кезде оның қалақтары іске қосылып, зардап шеккен адамды аппараттың ішіне тартып әкеткен", – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары Азат Көшербаев.
Жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.
Ал полиция адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, жазатайым оқиға болған. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әдеміау Мендыбаева.
Оқиға болған макарон фабрикасы – Петропавлдағы ірі кәсіпорындардың бірі. Мұнда шамамен 200 адам жұмыс істейді. Өндіріс процесі тәулік бойы жүргізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:44, 12 қазан 2026
Павлодар облысында мотоциклші қаза тапқан жол апатынан кейін жылқының иесі жауапқа тартылды
-
18:36, 12 қазан 2026
Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды
-
18:32, 12 қазан 2026
Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады
-
18:15, 12 қазан 2026
Жаркенттегі төбелес пен атыс: полиция адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр
-
18:04, 12 қазан 2026
ШҚО-да 12 ауылдық округ әкімі айыппұл арқалады





