Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды
© Сурет: olympic.kz
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өткен беделді WTT China Youth Smash турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы U19 жас санатында өнер көрсетті. Жарыс барысында Құрманғалиев алты кездесуде жеңіске жетіп, финалға дейін жетті.
Жартылай финалда отандасымыз Қытай өкілі У Ифэймен тартысты ойын өткізіп, 4:3 есебімен басым түсті.
Шешуші кездесуде Құрманғалиев тағы бір қытайлық теннисші Тан Ижэньмен кездесті. Бұл жолы қазақстандық спортшы қарсыласына есе жіберіп, турнирді екінші орынмен аяқтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:52, 12 қазан 2026
Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатына қатысады
-
19:38, 12 қазан 2026
Бокстан U19 әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
-
19:19, 12 қазан 2026
Тоқаев Бельгия Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды
-
19:19, 12 қазан 2026
Тоқаев Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды
-
19:15, 12 қазан 2026
Оралда ер адам дәріханалардан танометр ұрлаған





