Петропавлда абайсызда көзіне пышақ кірген бүлдіршін ауыр хәлде
© Фото: freepik
19 желтоқсанда Петропавлда оқыс оқиға болды, 3 жасар баланың орындықтан құлаған сәтінде көзіне пышақ түскен. Қазір дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін аман алып қалу үшін барын салуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
7152.kz дерегіне сүйенсек, науқас көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен 14:05-те жеткізілген. Дәрігерлер баланың сол жақ қарашығы астындағы ауыр жарақатпен, өте ауыр, агональды жағдайда түскенін айтты.
Анасының айтуынша, ас үйдегі орындықтан құлаған кезде ұлының көзіне пышақ түскен. Суық қаруды көзінен жұлып алғанда, бала есінен танып қала берген.
Бүлдіршін бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.
"Баланың жүрек-өкпе қызметін қалпына келтіру мақсатында жедел реанимациялық шаралар жүргізілді. Олар сәтті өтті. Гемодинамика бақылауға алынып, инотропты қолдау көрсетілді. Одан кейін нейрохирург пен офтальмолог мамандардың шұғыл консилиумы ұйымдастырылды", - деді дәрігерлер.
Баланың диагнозы: ашық бас сүйек-ми жарақаты, миының қатты соғылуы және көзіне пышақ кірген. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.
Бұған дейін Қостанай облысында алып сәби дүниеге келгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:53, 20 желтоқсан 2024
Семейде пәтер кезегіне іліне алмай жүрген жетім жігітке Жоғары сот жақтасты
-
21:39, 20 желтоқсан 2024
Алматыда жол үстінде дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
-
21:28, 20 желтоқсан 2024
«Тайғанақтап жүре алмай жатыр». Алматыда 10 балдық көлік кептелісі тіркелді
-
20:56, 20 желтоқсан 2024
Алматы маңында жеңіл көлік полицейді қағып, мерт қылды
-
20:56, 20 желтоқсан 2024
Алматы облысында жеңіл көлік полицейді қағып, мерт қылды