Алматы тұрғындарына Кореядан көлік әкелемін деп уәде берген алаяқ 145 миллион теңгені қалтасына басты
© Фото: pexels
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса iрi мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдікті 2023 жылы Корея Республикасынан автокөліктерді нарықтық бағадан төмен бағамен жеткізуге уәде беріп, алаяқтық жолмен 6 жәбірленуші — Алматы қаласы тұрғындарының қаражатын иемденіп, оларға жалпы көлемде 145 миллион теңгеден астам залал келтірген.
"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, соған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған." Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ағымдағы жылдың сәуірінде ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:40, 20 желтоқсан 2024
Ақмола облысында алимент төлемейтін 37 адамның орналасқан жері анықталды
-
15:34, 20 желтоқсан 2024
Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті болды
-
15:22, 20 желтоқсан 2024
Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға берілді
-
15:16, 20 желтоқсан 2024
Петропавлда абайсызда көзіне пышақ кірген бүлдіршін ауыр хәлде
-
15:06, 20 желтоқсан 2024
Қазақстанда өмір сапасының индексі қалай өзгерді