Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйел мен бала құқығын қорғау айтарлықтай қолға алынған
© Фото: pexels
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкімет мәліметінше, 2024 жылы полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңға жуық хабарлама келіп түскен. Оның ішінде 72 мың қорғау нұсқамасы, сондай-ақ 16 мың жағдай бойынша сот шешімдері қабылданды.
"Сондай-ақ зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарына айтарлықтай көңіл бөлінеді. Бүгінде елімізде осындай 69 орталық жұмыс істейді",- делінген мәліметте.
Оған жыл басынан бері 5,5 мың әйел, оның ішінде 3,7 мыңы балалары бар ана жүгінген.
Мәселен, соңғы 5 жылда әйелдер құқығына қол сұғатын қылмыстар саны екі есеге азайған. Атап айтқанда келесідей қысқарды.
- зорлық-зомбылық қылмыстары 37,9%-ға,
- кісі өлтіру 49,3%-ға,
- ауыр дене жарақатын салу 8,7%-ға.
Сондай-ақ, балалар құқықтарын қорғау және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу саласында 12 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілді.
Сурет: primeminister.kz
Сонымен қатар жыл басынан бері 35 мыңнан астам заңсыз интернет-ресурс, оның ішінде суицид пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын 127 сайт анықталды.
Сурет: primeminister.kz
Бұған дейін Қазақстанда бала асырап алуды жоспарлаған үміткерлерге қойылатын талаптардың қатаңдатылатыны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:06, 20 желтоқсан 2024
Қазақстанда өмір сапасының индексі қалай өзгерді
-
14:58, 20 желтоқсан 2024
Биыл Павлодар облысында 82 пәтер ұрлығы тіркелді
-
14:48, 20 желтоқсан 2024
Жинақтардан айырылып қалмас үшін: БЖЗҚ қазақстандықтарға ескерту жасады
-
14:39, 20 желтоқсан 2024
Алматылықтарды Жаңа жыл қарсаңында таңғаларлық отшашу күтеді
-
14:27, 20 желтоқсан 2024
Ерлі-зайыптылар есірткіні заңсыз өндірді және сақтады деген күдікпен ұсталды