Қостанай сотында белгілі жаттықтырушының ісі бойынша қаулы шығарылды
© Сурет: Telegram/Наша газета
Облыстың шорт-трек бойынша бас бапкері Николай Федоренконың ісі бойынша Қостанай қаласының сотында қаулы шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Наша газета" Telegram-каналының мәліметінше, судья Анара Шаймұрынова қаулыны түсіндіру кезінде Николай Федоренкоға ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша айып тағылғанын мәлімдеді:
- 189 бап — сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау және ысырап ету;
- 218 бап — құралдарды жылыстату.
Судьяның айтуынша, айыптаушы 218-баптан сот талқылауы кезінде бас тартқан. 189-бап бойынша Федоренко кінәсін мойындады, залалды өтеп, жәбірленушілермен татуласты. Жәбірленуші Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы болды. Тараптардың татуласуына байланысты Федоренкоға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.
Тараптарды татуластыру туралы қаулы жария етілгеннен кейін судья Анара Шаймұрынова Қостанай облысы Экономикалық тергеу департаментінің атына жеке қаулы шығарғанын айтты. Онда ЭТД қызметкерлерінің процедуралық бұзушылықтарға жол бергені көрсетілген. Ал басшылық судьяның жеке қаулысына жауап беруі керек.
"Татуласу кезінде Николай Федоренко сотты тезірек аяқтау және жарысқа шығу қажеттілігі үшін кінәсін мойындауға мәжбүр болғанын айтты. Ол сондай-ақ басқа жаттықтырушылардың қызғанышына тап болғанын мәлімдеді", — делінген басылымда.
Сурет: Telegram/Наша газета
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ және шағымдануға болады.
Бұған дейін БҚО-да екі шенеунікке 73 840 теңгеден айыппұл салынғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:23, 20 желтоқсан 2024
«Асқақ рухты Әулиеата». Таразда поэзия кеші өтті
-
17:10, 20 желтоқсан 2024
Еліміздің кейбір өңірінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі өсті
-
17:00, 20 желтоқсан 2024
Астанадағы ЛРТ қашан іске қосылады
-
16:45, 20 желтоқсан 2024
Сергей Киселев «Еуразия» бірінші арнасының бас директоры қызметінен кетті
-
16:31, 20 желтоқсан 2024
Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы үлескерлердің мәселелерін қалай шешетінін айтты