Чилиде тұрғындар аптап ыстықтан зардап шегіп отыр

11:28, 20 желтоқсан 2024

© Фото: freepik

Чили астанасы Сантьяго мен оның айналасындағы аудандарда ауаның температурасы рекордтық деңгейге көтерілді.

Жергілікті тұрғындар фонтандар мен аквапарктерге ағылып жатыр.

Елдің метеорологиялық қызметі болса, халыққа сақ болу жөнінде ескерту таратты.

Және де адамдарға күннен қорғанып, ағзадағы су балансын сақтауға кеңес берілген.

Бұған қоса, аптап ыстықтың зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Кейінгі жылдары бұл аймақта сынап бағанасы қайта-қайта шектен тыс көтерілді.

Зерттеушілердің ойынша, бұған климаттың өзгеруі себепші және мұндай ауа райы орман өрттерінің қаулауына қолайлы жағдай туындатуы мүмкін.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!