Пәтер жалдаған: Астанада жас жігіт жаңа танысының телефонын ұрлап кеткен

19:47, 21 қараша 2024

© Сурет: Zakon.kz

Астанада жас жігіт жаңа танысының телефонын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұрлық таңғы уақытта болған. Арызданушы дәмханада жас жігітпен танысып, бірге дәмдес болып, кейін пәтер жалдаған. Таңертең оянса, жігіт те жоқ, Iphone да жоқ. Арызданушының ұйықтап жатқанын білген азамат оның телефонын ұрлап, еш қиындықсыз үйден шығып кеткен.

Қала тұрғыны телефонының ұрланғаны жөнінде сақшыларға шағымданған болатын. Нұра ауданы криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында қылмысқа 20 жастағы жас жігіттің қатысы бар екенін анықтады. Күдіктінің телефонды ломбардқа тапсырып жібергені мәлім болды. Осылайша, жәбірленушіні 500 мың теңгеден аса шығын келді.

Қылмыс бейнебақылау көмегімен ашылды.

Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!