Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде екінші орын алды

17:45, 23 қараша 2024

© Сурет: Instagram/goldsk8

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінде аралық екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 93,21 ұпай жинады. Бұл оған екінші орынға тұрақтауға мүмкіндік берді.

Қысқа бағдарламадан кейін бірінші орынға жапон спортшысы Шюн Сато шықты - 98,75 ұпай. Үшінші орын француз Адам Сяо Хим Фиға тиесілі - 91,22 ұпай.

Айта кетейік, еркін бағдарламада өнер көрсету 23 қарашада өтеді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!