«Антициклон жүріп, жел екпін алады»: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
© Сурет: pixabay
Синоптиктер 2024 жылғы 24 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын кең ауқымды антициклон жүреді.
"Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі, еліміздің оңтүстік бөлігінде жел екпін алып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түркістан облысының тау асуларында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК.
Астанада аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: -1...-3°С.
Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 0-5 м/с, күндізгі екпіні - 8 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С, күндіз: +5...+7°С.
Шымкентте аспан бұлтт, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -1...+ 1°С, күндіз: +11...+13°С.
Бұған дейін синоптиктер 23 қарашада еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:26, 23 қараша 2024
Таразда прокуратура қызметкері ұсталды
-
16:46, 23 қараша 2024
Астана тұрғыны енесінің құны 1,5 млн теңге болатын алтын әшекейлерін ұрлаған
-
16:36, 23 қараша 2024
Ақмола облысында жоғалып кеткен 24 жастағы жігіт тоғыз күн бойы табылмай жатыр
-
15:22, 23 қараша 2024
Аймағамбетов есірткі туралы: Лауазымды тұлғаларды өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылды
-
14:51, 23 қараша 2024
«Арнайы операция өтіп жатыр». Алаяқтар елордалықты фейк ақпаратпен шошытқан