Таразда прокуратура қызметкері ұсталды

18:26, 23 қараша 2024

© Сурет: pexels

Жамбыл облысында 23 қарашада прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, прокуратура қызметкері 2023 жылғы 23 қарашада құзырлы ведомствоның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар барысында ұсталды.


"Сотқа дейінгі тергеп тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жариялануға жатпайды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 16 қарашада Астана қаласының тергеу сотының баспасөз қызметі Перизат Қайраттың екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді. Ол алдында Қазақстанда көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!