Астана тұрғыны енесінің құны 1,5 млн теңге болатын алтын әшекейлерін ұрлаған

16:46, 23 қараша 2024

© Сурет: pixabay

Ақмола облысының полицейлері 1,5 миллион теңгенің алтын бұйымдары ұрланған істі ашты. Қылмысқа арызданушы әйелдің күйеу баласының қатысы бары белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға қарашада Қосшы қаласының тұрғыны алтын және күміс әшекейлерінің жоғалғаны туралы арыз берген. Әйел алтын бұйымдарының қазан айында ұрланғанын айтады.

"Полиция ұрлық фактісі бойынша жедел-тексеру шараларын ұйымдастырды. Оның барысында полиция қызметкерлері бұл іске үйіне емін-еркін кіріп-шығып жүрген әйелдің күйеу баласының қатысы болуы мүмкін деген болжам жасаған", — деп хабарлайды Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Осы нұсқаны анықтау барысында 35 жастағы Астана тұрғыны енесінің үйіне кіріп, әшекейлерді ұрлағаны анықталды. Ол ұрланған заттарды ломбардқа өткізіп жіберген.

Қазіргі уақытта полицейлер алтын бұйымдарды тауып, оларды заңды иесіне қайтару үшін жұмыстар жүргізіп жатыр. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!