Букингем сарайы жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

13:54, 24 қараша 2024

© Сурет: Х/RCT

2024 жылғы желтоқсаннан 2027 жылға дейін Букингем сарайы ғимаратты қайта құру жұмыстарына байланысты қонақтарды қабылдамайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Times басылымының хабарлауынша, жөндеудің құны - шамамен 462 миллион доллар. Бұл уақытта мемлекеттік іс-шаралар Виндзор сарайында өтеді.

"Британиялық монархтардың Лондондағы резиденциясы Букингем сарайын қонақтарды қабылдамайды", - делінген жазбада.

Жөндеуден кейін Ұлыбритания королі Чарльз III сарайға көшпейді, Лондондағы өзінің Кларенс-хаус резиденциясында тұрады.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!