Павлодардағы кәсіпорын кассасынан 25 млн теңге ұрланды

17:22, 28 тамыз 2026
MKZ: 1564019

© Сурет: Zakon.kz

Павлодар қаласындағы кәсіпорындардың бірінен 25 млн теңге ұрланған. Көп ұзамай құқық қорғау органдары өкілдері аталған қылмысқа қатысты күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 28 тамызда ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің аталған кәсіпорында күзетші болып жұмыс істегенін анықтаған.

Саяжайдағы тінту кезінде тәртіп сақшылары алма ағашының түбіне жасырылған 24 млн теңгені тапты.

Күдікті қамауға алынды. Табылған ақша заттай дәлел ретінде тіркелді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бұған дейін еліміздің оңтүстігінде коллекторлар қатаң жазаға кесілгені хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!