«Көп қан кеткен». Ақмола облысында ер адам пойыз астына түсіп, ауыр жарақат алды
© Фото: zakon.kz
Ақмола облысы Есіл ауданындағы станцияда ер адам вагоннан шығып, жүріп бара жатқан пойыздың астына түсіп опат бола жаздады. Полицейлер қозғалыс ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат алдымен Instagram желісінде пайда болды. Nayza_kokshe парақшасындағы мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 27 тамызда ер адам кіші дәрет сындыру үшін плацкарт вагоннан сыртқа шыққан. Болжам бойынша, дәл осы сәтте пойыз қозғала бастаған, ал ер адам рельс үстінде болған.
Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр. Ер адам екі қолынан ауыр жарақат алып, көп мөлшерде қан жоғалтқаны хабарланады.
Оны шұғыл түрде Есіл аудандық ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер қажетті көмек көрсетуде. Зардап шеккен азамат өңірде іссапада жүрген.
"2026 жылғы 27 тамызда Көкшетау станциясындағы көлік полициясы бөлімі теміржол көлігі қозғалысы және оны пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қозғалған іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция ҚР Қылмыстық-процессуальдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын ескертті.
Бұған дейін Жамбыл облысында да адамды пойыз қағып кеткен болатын. Әйелдің аман қалғаны белгілі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:26, 28 тамыз 2026
Алматыда күздің алғашқы аптасында ауа райы жауын-шашынды болады
-
18:12, 28 тамыз 2026
Сарысуда білім сапасы артып келеді
-
17:40, 28 тамыз 2026
Астанада құрылыс басында кран құлап, бір адам қаза тапты
-
17:22, 28 тамыз 2026
Павлодардағы кәсіпорын кассасынан 25 млн теңге ұрланды
-
17:11, 28 тамыз 2026
Еркін күрестен Армениядағы халықаралық турнирде Қазақстан алты медаль еншіледі





