Алматыда күздің алғашқы аптасында ауа райы жауын-шашынды болады
© Фото: zakon.kz
Алматыда жазғы ыстықтың беті қайтып, жауын-шашынды әрі салқын күндерге кезек келеді. Синоптиктер Zakon.kz сайтына қаламыз бойынша күздің алғашқы күндеріне арналған алдын ала ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, сенбі күні мегаполисте ауа райы жылы әрі күн шуақты болады, ал одан кейінгі күндері жаңбыр жауып, сынап бағанындағы көрсеткіштер төмендей бастайды.
Осы жағынан алғанжа, қыркүйектің алғашқы аптасы жауын-шашынды әрі бұлтты болады.
Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 29 тамыз – 4 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамы
- 29 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +17...+19°С, күндіз: +33...+35°С.
- 30 тамыз: аспан бұлтты, күннің екінші жартысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұстарда 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +17...+19°С, күндіз: +31...+33°С.
- 31 тамыз: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұстарда 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +28...+30°С.
- 1 қыркүйек: аспан бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұстарда 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +23...+25°С.
- 2 қыркүйек: аспан бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұстарда 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +11...+13°С, күндіз: +22...+24°С.
- 3-4 қыркүйек: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұстарда 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +25...+27°С.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары еліміздің үш ірі мегаполисі бойынша 2026 жылғы 29, 30 және 31 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:25, 28 тамыз 2026
Байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионаты: Қазақстан өкілі жетінші орын алды
-
18:55, 28 тамыз 2026
Алматыда жаппай жол апаты болып, орасан көлік кептелісі орын алды
-
18:43, 28 тамыз 2026
Петропавлда емханада дәрігер науқастан таяқ жеді
-
18:12, 28 тамыз 2026
Сарысуда білім сапасы артып келеді
-
17:40, 28 тамыз 2026
Астанада құрылыс басында кран құлап, бір адам қаза тапты





