Еркін күрестен Армениядағы халықаралық турнирде Қазақстан алты медаль еншіледі

17:11, 28 тамыз 2026
MKZ: 1564016

© Сурет: olympic.kz

Арменияның Ереван қаласында еркін күрестен халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспаасөз қызметінің хабарлауынша, отандастарымыз жарыста бір алтын және бес қола медаль жеңіп алды.

79 келіге дейінгі салмақта Ерхан Әбіл алтыннан алқа тақты.

Ал Еламан Амангелді (57 келіге дейін), Мерей Базарбаев (61 келіге дейін), Мағжан Жаңырбай (86 келіге дейін), Нұрдәулет Бекенов (97 келіге дейін), Әлімжан Сәлімжан (125 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетсек, жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионатында Қазақстан 26 медаль еншілеген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!