Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Хорватияда өткен халықаралық турнирде күміс медаль иеленді

22:06, 27 тамыз 2026
MKZ: 1563825

© Сурет: olympic.kz

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Хорватияның Вараждин қаласында өткен WTT Youth Contender сериясындағы турнирде күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол турнир барысында Эма Калужаны (Словения) – 3:0, Зита Петровичті (Хорватия) – 3:0, Сара Серпаны (Румыния) – 3:0, Стелла Пресецкиді (Хорватия) – 3:0, Линь Цзяцзюньді (Сингапур) – 3:0, Изабела Пастинаны (Румыния) – 3:0 есебімен таза жеңді.

Финалда қазақстандық спортшы Лизетт Фазекашқа (Хорватия) 1:3 есебімен есе жіберіп алды.

Бұған дейін 18 жастағы Дамир Жалғасбай теннистен әлемдік рейтингте рекордтық өсім көрсеткен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!